сенбі, 23 қараша, 2024 12:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды

Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды
ашық дереккөзі
Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады.
Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады. Кездесуде экономиканы одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, өндіріс қарқынын екі есе арттыруға мүмкіндік беретін «Ақтоғай» металлургия кешенінің екінші кезегін аяқтау мәселесі сөз болды. Сонымен қатар Президентке өңірдегі білім беру нысандарын дәстүрлі форматқа көшіруге дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Білім беру саласының қызметкерлері түгелдей дерлік вакцина салдырған. Жалпы, облыста күніне 10 мың адамға вакцина салынады. Негізгі контингентке қыркүйек айының соңына дейін вакцинаның бірінші компоненті, ал қазан айының соңына дейін екінші компоненті салынады. Жалпы 747 мың адамға екпе салу жоспарланған. Даниал Ахметов Мемлекет басшысын бұқаралық спортты дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы да хабардар етті. Мектептегі спортты дамытуға қосымша 890 миллион теңге бөлінген. Бүгінде мектеп оқушыларының 50 пайыздан астамының спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Биыл тағы 15 ірі спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау маңызды екенін атап өтіп, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар