Жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар ауыс-түйістер жасады

Бұл туралы Ақорда хабарлады

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жүргізді, деп  хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; 

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.