Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2024
- 961
Геннадий Головкин Президентке Ұлттық олимпиада комитеті атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты, Jambylinfo.kz. деп хабарлайды
Атап айтқанда, ол спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025
"Сақ стиліндегі" 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025





