Жаңалықтар
Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
- авторjambylinfo.kz
- 29 мамыр, 2023
- 272
Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз