Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.