Жаңалықтар

Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қызметіне тағайындалған  Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.