Жаңалықтар

Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

The final spritzer

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында ,қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.