Жаңалықтар

Тоқаев ресми сапармен Италия мен Ватиканға барады

Тоқаев ресми сапармен Италия мен Ватиканға барады

Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Jambylinfo.kz.  

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек, президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.