Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде Украинадағы соғысқа қатысты ойын айтты
Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде Украинадағы соғысқа қатысты ойын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды.
Мемлекет басшысы ұйым аясындағы іс-әрекетті одан әрі дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Сессия қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.