Жаңалықтар

Тоқаев Қытайға ірі стратегиялық порттар, логистикалық орталықтар және пошта хабтарының серіктестік желісін құруды ұсынды

Тоқаев Қытайға ірі стратегиялық порттар, логистикалық орталықтар және пошта хабтарының серіктестік желісін құруды ұсынды

"Қазақстан мен Қытай арасында Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі үкіметаралық екі келісімге қол қойылды. Күш-жігерімізді тиімдірек үйлестіру үшін Ірі стратегиялық порттардың, логистикалық орталықтардың және пошта хабтарының серіктестік желісін құруды ұсынамын. Сонымен қатар кемелер мен контейнерлердің бірлескен өндірісін жолға қоюға мүдделіміз", – деді президент. Ол Қазақстан әлемнің жетекші әуе компаниялары үшін сенімді әуе көпірі және ыңғайлы айлақ болуға дайын екенін жеткізді.