Жаңалықтар

Тоқаев: Қызмет – уақытша, халық – мәңгілік

Тоқаев: Қызмет – уақытша, халық – мәңгілік

Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқын бірліке үндеді, хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым», - деді Президент. Мемлекет басшысы елдің өзіне артқан сенімін абыроймен атқаратынына сенім білдірді. «Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын! Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салсақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынга 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген еді.