Жаңалықтар

Тоқаевтың ертең үлкен сұхбаты шығады

Тоқаевтың ертең үлкен сұхбаты шығады

Деп жазды фейсбукте оның кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли. Берік Уәлидің жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады. Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылмақ.