Жаңалықтар

Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Путин Астанаға ресми сапармен келеді

Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Путин Астанаға ресми сапармен келеді

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.