«Тоқтар Серіковті аман алып қалдым»: Айгүл Елшібаев әріптесіне қатысты естелігін айтып берді
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаевтың 1994 жылы түскен суреттерімен бөлісті
Айгүл Елшібаеваның айтуы бойынша «Ол кезде жегенінің бәрі халал, ішкендері юпи мен зуко болған» деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Менің курстастарым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Құрмет орденінің иегерлері атақты әншілер Мейрамбек, Тоқтар, Айгүл Мақашова, Сержан Мұсаиын бәрінің де қыз күнгі қылықтары есімде. Бәрі көз алдымызда, бәлду-бәлду бәрі өтірік дегендей, осы кештер кеше ғана болған оқиғадай» – дейді әнші.
Бірде Тоқтар Серіков оқудан шығайын деп тұрғанда Айгүл Елшібаева ректордың кабинетіне кіріп, оқудан шығартқызбай аман алып қалған екен.
«Ой Алла-ай, студент болсам да, ректордың кабинетіне қорықпай кіріп мәселелерді шешіп жүрген не деген батырлық, деймін да? Бірақ, өзімнің шаруама келгенде ректордың кабинетіне кіруге қорқып, әруағым жүрмей қалатын. Өзіме келгенде аяғым баспайтын. Сендер де сондай ма? – деп жазды дәстүрлі әнші.