бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Тоқтатыңдар": Жаңатаста көз жұмған 5 баланың туысы қазақстандықтарға үндеу жасады

"Тоқтатыңдар": Жаңатаста көз жұмған 5 баланың туысы қазақстандықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
"Тоқтатыңдар": Жаңатаста көз жұмған 5 баланың туысы қазақстандықтарға үндеу жасады
  Жаңатас қаласында түтінге тұншығып қаза тапқан бес баланың туыстары жараның бетін тырнай бермеуді өтінеді. "Ешкімге кінә тақпаймыз, болар іс болды, оған көнуден басқа амалымыз жоқ" деген олар бұдан былай бұл мәселені қозғамауды сұрайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, үш күннен бері қайғыдан қан жұтқан отбасыға жер-жерден көңіл айтылып жатыр. Бірақ оқыс оқиғаға анасын, қала берді әкімдікті айыптаудан мезі болдық дейді қаза тапқан балалардың туыстары. Жақындарының пікірінше, кейбірі жалған мәлімет таратуға кіріскен. Сондықтан олар телеарна арқылы қазақстандықтарға үндеу тастады. "Әлеуметтік желідегі анау-мынау деп, сан-саққа жүгіртіп, қитұрқы іс жасап жатқандарға да айтарым: Тоқтатыңдар, осымен қоя қойыңдар. Біз соның бәрін естіген сайын жүрегіміз сыздап жатыр. Бізге берген көмектеріңіз сол болсын", - деді марқұм балалардың туысы Саидмұхаммед Әбдумәліков. Қаралы отбасының уәжін жеткізген ер адам ел тұрғындарын түсіністік танытуға шақырды. Сонымен қатар ол өрттің неден шыққанын айтып берді. "Өрттің болғаны – балалар ойнап сіріңкемен от жаққан. Содан болып тұр ғой. Басқа – электр тоқ, газ, буржуйка деп, біреулер шығып жатыр. Оның бәрі өтірік", - деді Саидмұхаммед Әбдумәліков. Осы орайда телеарна тілшісі қайғылы жағдай болған үйдің ауласы лентамен қоршалып, далада полицейлер күзетіп тұрғанын жеткізді. Өйткені пәтердегі өрттің неден шыққанын анықтау үшін  іште тергеушілер үзіліссіз жұмыс істеп жатыр, дейді ол. Тек осы подьездің тұрғындарына ғана үйіне кіруге рұқсат екен. Сонымен қатар, оқыс оқиға болған баспанаға бес баласынан айырылған отбасының оралмайтыны белгілі болды. Себебі, осы жерде тұру қайғыдан қан жұтқан жандарға ауыр соғатынын ескерген туыстары,  ерлі-зайыптыны жаңа үйге қоныстандыруды ұйғарыпты.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар