Жаңалықтар

«Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жалғасуда

«Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгінде, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС-гі тарапынан Сарысу ауданында 2022 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автомобиль жолының 20-42 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары жалғасуда.  width= Дәлірек айтсақ, аталған автожол бөлігінде жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары аяқталып, асфальтбетонды жол жамылғысын төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Келісім-шартқа сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 25 маусымына белгіленген. Дегенмен, жұмыстарды 5 мамырға дейін толық аяқтап, нысанды мерзімінен бұрын пайдалануға беру көзделіп отыр.