Тоғызкент тұрақты даму жолында
Тоғызкент ауылдық округ негізінен мал шаруашылығына бағытталған. Бүгінгі таңда мал басына келер болсақ: мүйізді ірі қара – 2587 бас, қой-ешкі –26234 бас ,жылқы – 1418 бас , құс – 1370 бас.
Округте 46 шаруа қожалығы тіркелген, онда 102 адам еңбек етеді. Оның 50 пайызы яғни 23-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. МІҚ малын асылдандыруды 11 шаруашылық, қой малын асылдандыру бағытында 13 шаруашылық жұмыс жүргізуде. Ал, елді мекендердегі 234 аулада ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайды.Округте 89 416,04 га жайылымдық жерлер бар. Оның ішінде елді мекен жайылымдық жері 6157,13 га.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін тиімді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тізімі Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жолданды. Өткен жылдың қорытындысымен 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жыл басынан бері барлық мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар бойынша ауыл тұрғындарына үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде: қайтарымсыз 1 млн. 280 мың теңге грантты 2022 жылы 14 азамат алса, 2023 жылдың жыл басынан бері 2 азамат — 2,8 млн.теңге алып, 1 азамат тігін машиналарын алып, жеке кәсібін ашты, 1 азамат мал өсіруде. Сонымен қатар, 35 жасқа дейінгі жастарға берілетін жеңілдетілген несиені 5 азамат алып, кәсібін домалатуда. «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы аясында 2023 жылы 37 ұңғыма қазылып, шаруалар игілігін көруде.
Өткен жылы ауылдық округтегі «Әсем», «Мержан» және «Елнар» шаруа қожалықтары 3 «МТЗ» тракторларын және 1 шөп тайлағыш (прессподорщик) пен 2 «КУН» агрегатын лизингке алды. Жалпы ауылдық округ бойынша, 2010 жылдан бері 20 «МТЗ» тракторы мен 16 қосалқы техника лизингке алынды. Үстіміздегі жылы «Думан» және «Ермұқан» шаруа қожалықтары лизингке « МТЗ » тракторын алу үшін құжаттарын ресімдеуде.Ауылдық округте 59 кәсіпкер тіркелген (оның ішінде жастар саны 19). Округте 6 дүкен, бір қауынқақ шығаратын цех жұмыс істейді. 2023 жылы Тоғызкент ауылынан автокөлік жуу орны ашылды. Сонымен қатар, 1 автогаз құю бекеті, 1 жанармай құю бекеті мен автокөлік жөндеу орны бар.
2023 жылы жұмыспен қамту шаралары бойынша 19 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 64 адам уақытша жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыспен 21 адам және Жастар тәжірибесімен 4 адам қамтылды. Бастау-бизнес жобасымен 11 адам оқып сертификат алса, оның ішінде 2 адам 400 АЕК дейін қайтарымсыз қаржы алды. Қазіргі уақытта, тұрғындар бюджеттік мекемелерден бөлек алдағы уақытта, «Қазсода» сияқты ірі өндіріс орындарында ауыл азаматтары жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасыға тағайындалып төленуде.
Айтулы мерекелерде демеушілердің көмегімен қайырымдылық шаралары өткізіліп тұрады.Атап айтқанда, 8 нау-рыз» мерекесіне орай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған 65 аналарға сыйлық таратылды. Ауылымыздың жастарының демеушілігімен 8 отбасыға 200 мың теңге көлемінде азық-түлік себеті таратылды және «Наурыз» мерекесіне орай ұлттық ат спорты ойындары мен бұқаралық спорт түрлерін жарыс өткізіліп, 300 мың теңгеге қаржылай сыйлықтар берілді. 9 мамыр-мерекесіне орай тыл ардагерлЫеріне жеміс-жидек себеті тарту етілді.
«Жомарт түлек» акциясы аясында ауылымыздың 40 жылдық кездесуге келген түлектері «Түгіскен» орта мектебіне 400 мың теңгеге қолдау көрсетті. Балалар күні мерекесіне орай ЖК Шынбатыров Сағидолла 70мың теңгеге балмұздақ пен тәтті мақта таратты.Ауыл азаматтары Егенберлі Абай мен Сағындықов Мейіржан балабақша мен жаздық лагерьдегі балаларға 200 балмұздақ үлестірді.Құрбан айт мерекесіне орай 3 МІҚ малы мен 62 бас қой сойылып, ауыл тұрғындарына таратылды. Республика күні мерекесіне орай «Асар» бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалық төрағалары көпбалалы Ә.Муралиевке 1 сиыр мен 12 бас қой-ешкі тарту етті және жалғыз бас-ты ана Ж.Аманжолованың тұрғын үйіне жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесін жүргізіп, табиғи газ желісіне қосып берді. Сонымен қатар, ауданымыздың кәсіпкері Т.Түсіпбеков жылу жүйесінің материалдарын алуға және 5 баласына қыстық киімдер сыйлады. Сонымен қатар, ауылдық округтегі 5 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға заманауи смартфондар тарту етілді. Ауылымыздан шыққан академик Құралбек Құлажанов ағамыз ауыл әкімдігіне 2 млн. теңге көлемінде демеушілік жасады. Бұл қаржыны ауылымыздың жағдайы төмен отбасыларына көмек ретінде және мерекелік іс-шараларға сыйлықтар алуға жұмсалуда.
Барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс атқаруда. Округте 2 мектеп, 1 балабақша, 2 кітапхана, 2 клуб, 1 Дәрігерлік амбулатория мен 2 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, өнер мектебінің филиалы мен спорт мектебінде оқушыларымыз шұғылдануда. Жаңа оқу жылында мектептерге 412 оқушы, оның ішінде 34 оқушы МАД сыныбына барды. Өткен оқу жылында мектеп бітірген 38 баланың 5-і «Ерекше аттестат» иегері атанды. Спорт мектебінде спорттың 7 түрінен үйірмелер жұмыс істейді. Грек рим күресімен – 62 бала жаттықса, қол күресімен — 51 бала, волейболдан – 25 бала, футболдан – 46 бала, асық ату – 37 бала, дойбымен -106 бала, каратэмен – 37 бала қамтылған. Тоғызкент ауылы бойынша домбыра сыныбына – 45 бала, ән-терме сыныбына – 5 бала, баян сыныбына- 5бала және қобыз сыныбына – 1 бала қатысады. Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ауылдық клуб үйлеріне штат беріліп, арнайы үйірмелер ашылды. Тоғызкент ауылдық клуб үйіндегі ән үйірмесіне – 14 бала, би үйірмесіне 12 бала және көркемсөз үйірмесіне 8 бала қамтылды. Әбілда ауылдық клуб үйінде ән үйірмесіне – 12 бала, сурет үйірмесіне –8 бала қатысуда. Ауылдық округте 19 көше бар. Оның ішінде 18 көшеге түнгі жарықтары орнатылған. Өткен жылы Тоғызкент ауылындағы Бекпенбет көшесіне күн көзімен қуатталатын көше жарығы орнатылды.Ауылдық округке қарасты елді мекендерде 16 көше асфальттанған. 2024 жылы Тоғызкент ауылының Есмырза көшесі мен Т.Әубәкіров көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылды. Әбілда мен Майлыкөл ауылдарынан бір-бір көшеден жолдары асфальттауды қажет етеді.Тоғызкент ауылындағы ауыз су жүйесінің тозуы-на байланысты 2023 жылы ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылы пайдалануға берілетін болады. Ұялы байланыспен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жыл басынан бері Жаңатас–Тоғызкент-Әбілда бағытына күніне бір рет және Тараз-Тоғызкент-Досбол бағытына бір рет көлік тасымалы шығарылған. Жолақы құны – 300 теңге.
2023 жылы Мемлекеттің қолдауымен ауылдық округте бірқатар жұмыстар атқарылды.Атап айтар болсақ: Үшарал-Тоғызкент бағытындағы 10,5 шақырым облыстық мәндегі автокөлік жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тоғызкент ауылының Сапақ датқа, Төреқожа, Бекпенбет, А.Ахметұлы және Ұлбике көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бекпенбет көшесіне күн көзінен қуатталатын жарықшамдары орнатылды. Ауылдың шығыс жағынан көлемі 1 га «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы салынып, 800 түп қарағай көшеті егілді. Ағымдағы жылы 1500 түп тал егу жоспарланған. Ауыз су жүйесін қайта жүргізу жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқталады.Жамбай баба көшесіндегі саябаққа балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут орнатылды. Әбілда ауылына балалар ойын алаңшасы салынды.Әбілда ауылына және Көксуат арнасына мал өтетін көпір орнатылды.Әбілда ауылының шағын футбол алаңшасы жөнделді.Майлыкөл ауылына су тұщытатын кешенді модульді контейнер орнатылды. 2024 жылғы жос-пар бойынша Тоғызкент ауылындағы «С.Тасыбаев» саябағына жазғы сахна орнату; Тоғызкент ауылындағы Есмырза және Т.Әубәкіров көшесін ағымдағы жөндеу;Тоғызкент ауылындағы Үшарал көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату; ауылға кіре-беріс жолды ағымдағы жөндеу; Тоғызкент ауылының Жамбыл және Саңырық батыр көшелеріне автотұрақ салу; Тоғызкент ауылы Төле би және Сапақ датқа көшелеріне балалар ойын алаңшасын орнату; Майлыкөл ауылына кіре-беріс жолға түнгі көше жарығын орнату; Майлыкөл ауылының атауын орнату; Майлыкөл ауылына ойын алаңшасы мен стритворкаут орнату; Әбілда ауылына стритворкаут орнату; Әбілда ауылы Елімбай көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Ауылдық округтегі 13 шаруа қожалығына «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы инфрақұрылым (электр желісі) тартуға смета жасалуда; Сондай-ақ, «Жомарт түлек» жобасымен «Жанна» балабақшасына құдық қазылып, айналасы көгеріштендірілді. «Түгіскен» орта мектебінің алдына бастырма салу жұмыстары мен «Сәдібай» мешітінің жанынан ас беретін нысан құрылысы салынуда.
2024 жылы да демеушілер есебінен бірқатар жүмыстар атқарылатын болады. Оның ішінде балалар ойын алаңы, стритворкаут, елді мекен атауы жазылған стелла, елді мекен ішіндегі жасыл белдеу алқаптарына құдық қаздыру сияқты жұмыстар жоспарлануда.