жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 7:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Токио Олимпиадасы тура бір айдан соң басталады

Токио Олимпиадасы тура бір айдан соң басталады
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасы тура бір айдан соң басталады
Тура бір айдан соң Токиода дүйім дүниенің дүбірлі додасы – жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Жұмыр жердің кіл мықтылары жапон жеріне жиналып, екі аптадан астам уақыт бойы өзара үздікті анықтайды. Бірақ бір өкініштісі, биылғы Олимпиада әдеттегіден өзгеше өтеді. Сан түрлі шектеулер бар. Жартылай толы стадиондар да жарыс салтанатын арттыра қоймас. Бір жылға кешіккен байрақты бәсеке қалай өтеді? Бұл – Токиодағы Олимпиада ауылы. Санаулы аптадан соң ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды қабылдай бастайды. Мұнда байрақты бәсекеге қатысатындар үшін барлық жағдай жасалған. Көп қабатты үйден бастап дүкенге дейінгінің бәрі бар. Тіпті сақтық мақсатында арнайы медициналық орталық пен карантиндік бөлмелер де қарастырылған. Халықаралық Олимпиада комитеті өкілдерінің айтуынша, спортшылардың 80%-інен астамы дәл осы жерде вакцина алады. Сабуро Кавабути, Олимпиада ауылының мэрі: - Біз спортшылар ауылында жайлы өмір сүруі үшін қолдан келгенше жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Сосын алдағы уақытта пандемия жағдайында өтетін Олимпиада ойындары барысында бұл тәжірибемізбен бөлісе аламыз деп ойлаймын. Қазір бар күш сақтық шараларына жұмсалған. Күнделікті ПТР-тесттен өту мен бетперде киюден бөлек, спортшылардың қауіпсіз қатынауы үшін арнайы жүргізушісі жоқ көліктер де қолданысқа берілмек. Ал әлдекімнің вирус жұқтырғаны анықталса, ол бірден ауруханаға жеткізіледі. Сейко Хасимото, Олимпиада ойындары ұйымдастырушы комитетінің басшысы: - Медицина мамандары көптеп тартылып жатыр. Тіпті арнайы шетелден келетіндері де бар. Мұнымен қатар вакциналау ісі де қарқынды. Менің ойымша, біз денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмейтін жағдай жасай алдық. Токио Олимпиадасының ел есінде қалатын тағы бір тұсы, шетелдік жанкүйерлердің болмауы. Індетке байланысты әлем халқы спорт саңлақтарының өнерін тек теледидар арқылы тамашалай алады. Жаһандық жарысты көзбен көру мүмкіндігі жапон жұртына ғана бұйырып тұр. Соның өзінде шектеулер жоқ емес. Трибуналар тек жартылай толы болуға тиіс. Бір қызығы, стадионда кірген жанкүйерлердің ұрандатып, қолдау көрсетуіне рұқсат жоқ. Соған қарамастан, соңғы 5 жылдықтың дүбірлі додасында кімде-кім болса да, өз спортшысы үшін тақым қысатыны айтпаса да түсінікті.   
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар