Жаңалықтар

Топан судан зардап шеккен өңірлердегі балалар жазғы сауықтыру кешеніне орналастырылып жатыр

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 55 мектеп уақытша орналастыру пункттері болып белгіленді. Бұл пункттерде 7255 бала бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-ағарту министрі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларды жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырған болатын. Бүгін оларды орналастыру жұмыстары басталды. Тек бірінші күні 80-нен астам бала қабылданды.

Жалпы, білім беру саласының 20 мыңға жуық қызметкері волонтер ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатыр.