Бұл шешімге қарсы 22 штат Конституцияның 14-ші түзетуін бұзу деп шағым түсірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
АҚШ-тың 22 штаты, соның ішінде Сан-Франциско мен Колумбия округының бас прокуратурасы, Дональд Трамптың миграцияға қатысты жаңа бұйрығын заңсыз деп тауып, шағым түсірді. Президент АҚШ аумағында туған сәбилерге азаматтық беруге тыйым салатын ереже енгізуді жоспарлап отыр. Бұл талап заңсыз мигранттар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты қолданылмақ.
Трамптың бұйрығы келесі айда күшіне енуі тиіс. Алайда, оған қарсы топ бұл ережені Конституцияның 14-ші түзетуін бұзу деп санайды. Түзетуде ел аумағында туған кез келген нәрестенің автоматты түрде АҚШ азаматы атанатыны жазылған. Жыл сайын мұндай балалардың саны 150 мыңға жетеді.
Егер бұйрық жүзеге асса, Америкада туған сәбилер азаматтықтан айырылып, медициналық көмектен қағылып, тіпті депортациялануы мүмкін.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз