Жаңалықтар

Туберкулезбен ауыратын әйел балабақшада жұмыс істеген

Туберкулезбен ауыратын әйел балабақшада жұмыс істеген

Мұндай жағдай балабақша балалардан флюорографиядан өтуін сұрағаннан кейін анықталған. Ата-аналар балабақша басшылығы бұл жағдайды жасыруға тырысқан деп отыр. Ал білім басқармасының өкілдері тәрбиешінің диагнозы тек 3 қаңтарда расталғанын хабарлады. Қазір балабақша карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.