Туризм ел әлуетін көтерудің төте жолы
Туризм ел әлуетін көтерудің төте жолы
Ел Президентінің кезекті жолдауы халыққа тың бағыттар мен айқын жолдарды нұсқағандай болды. Әсіресе, ел экономикасын дамытудың бірнеше бағыттарына басымдық берілетінін атап айтты. Соның бірі ішкі-сыртқы экономикамызға өз әсерін тигізетін туризм саласы десек қателеспейміз. Мемлекет басшысы да туризмды дамытуға шындап кірісетін уақыт келгенін ескертіп, бұл салада енді олқылық жібермей оңды істер істеуге күш салуымыз керектігін айтты. «Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі халыққа рух, салаға серпін сыйлайтыны анық. Өйткені туризм ел әлуетін көтерудің бірден бір төте жолы. Әрі біздің елде оны дамыту үшін барлық шарттар толық. Тек ғана жұмыс істей алатын адам болса, бұл саланы ары қарай дөңгелетіп алып кететіні анық. Біздің облысымыздың өзінде қаншама киелі орындар мен тәбиғаты тамаша жерлер бұл саланы дамытуға сұранып тұр. Ендеше соған шетелдік қонақтарды көп тартып, неге ел экономикасын қаржымен толықтырмасқа. Сондықтан Президенттің жолдаудағы бұл сөзінен кейін тасада жатқан талай идея оянып, тартымды жобалар жорғасын бұзбай жолға түсетіні анық деп білемін- Президент долдауына қатысты пікір білдірген Дамир Ташқараев ,Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.