Twitter Meta-ны жаңа Threads әлеуметтік желісі үшін сотқа бермек
Twitter Meta-ны жаңа Threads әлеуметтік желісі үшін сотқа бермек
'- Twitter компаниясы Facebook пен Instagram-ға иелік ететін Meta компаниясын сотпен қорқытты. Өйткені жаңа Threads әлеуметтік желісі Twitter-ге өте ұқсайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ВВС-ге сілтеме жасап. Semafor басылымының хабарлауынша, Twitter заңгері Алекс Спиро сәрсенбіде Meta басшысы Марк Цукербергке ресми хат жіберіп, Meta-ны Threads желісін құру кезінде «коммерциялық құпияларды және басқа да зияткерлік меншікті жүйелі, зиянды және заңсыз иемденді» деп айыптаған. «Бәсекелестік - жақсы, бірақ алдау дұрыс емес», - деп жазды Twitter иесі Илон Маск өзінің жеке парақшасында. Threads желілік қолданбасы осы аптаның ортасында іске қосылды және оған 30 миллионға жуық адам жазылып үлгерді. Meta басшылығы әу баста-ақ бұл желі Twitter-дің баламасы болатынын мәлімдеген. Алекс Спиро өз хатында, Meta-ны компания құпияларына әлі де қол жеткізе алатын және осы әлеуметтік желіні көшіруге көмектескен ондаған бұрынғы Twitter қызметкерлерін жұмысқа алды деп айыптайды. Twitter заңгері Meta -дан бұл құпияларды қолдануды дереу тоқтатуды талап етіп, сотқа беремін деп қорқытты. Осыған дейін Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік желіге 30 млн адам тіркеліп үлгергенін жазған едік.