сенбі, 23 қараша, 2024 15:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІГІ КӨП МЕКЕН

ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІГІ КӨП МЕКЕН
ашық дереккөзі
ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІГІ КӨП МЕКЕН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілгенін, небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалғанын айтты. Бұл тұрғыда Президент: «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше. Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет» деп атап көрсетіп, нақты міндеттер жүктеді. Мемлекет тарапынан қолға алынған ауқымды өзгерістер Талас ауданының дамуына да оң септігін тигізіп отыр. Сан салада соны серпіліс бар. Мысалы, ауданда жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 55 миллиард 364 миллион 700 мың теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 108,9 пайызға артық орындалды. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 10 миллиард 510 миллион 600 мың теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 131,4 пайызға немесе 2 миллиард 514 миллион 100 мың теңгеге артты. Баршаға белгілі, бүгінде елімізде инвестиция тартуға, сол арқылы салықтық түсімдерді арттырып, жұмыс орындарын көбейтуге басымдық берілуде. Осы орайда Талас ауданында 2023-2027 жылдары 49,8 миллиард теңгенің 7 ірі жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Онда барлығы 617 адам жұмыспен қамтылатын болады. Атап өткенде «Talas Investment Company» ЖШС жылына өндіретін натрий цианид өнімін 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін арттыруға күш салуда. Жалпы инвестиция көлемі 25,4 миллиард теңгені құрайды. Сол сияқты «Каратау ПРО» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі жылына өндіретін ұнтақталған мәрмәр толтырғышы өнімін 110 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыруды көздеп отыр. Осы орайда 1 миллиард 85 миллион теңге инвестиция құйылмақ. Сонымен қатар «Азия хим» ЖШС жылына 150 мың тонна минералды тыңайтқыштар, атап айтқанда суперфосфат, аммофос өндіруді қолға алуда. Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгені құрайтын жоба сәтті жүзеге асса, 250 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұдан бөлек «Karatau Chemicals» ЖШС жылына 25 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруді ойластыруда. Жалпы инвестиция көлемі 2,8 миллиард теңгені құрайды. Ал, «жасыл» экономика саласында жел электр энергиясын өндіру бойынша 5,4 миллиард теңгенің 3 жобасы жоспарланып, іске асырылуда. Нақты айтсақ, «Шенгелді», «Новатэкс» және «Шенгелді-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан әрқайсысының қуаты 4,5 мВт болатын 9 қондырғы орнатылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу шаралары жүргізілуде. Қондырғылар іске қосылған кезде 12 адам жұмыспен қамтылады. Аталған Жолдауда Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл бағытта Талас ауданында да ілкімді істер атқарылуда. Жалпы, аймақта шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 4128 субъектісі тіркелген. Тіркелген бизнес-құрылымдарының саны 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39,7 пайызға немесе 1173 бірлікке өсті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда тауар айналымы 3 миллиард 217 миллион 500 мың теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 132,7 пайызға немесе 793 миллион 100 мың теңгеге артық орындалды. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 83 жоба жоспарлануда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша – 20, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы – 39, «Әулие-ата НС» ЖШС бойынша – 13, «Казагролизинг» АҚ көмегіне 11 жоба қамылмақ. Бүгінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 1-бағытындағы субсидия және кепілдік тетігі бойынша 38,9 миллион теңгенің 5 жобасына қолдау көрсетілді. Аталған бағдарламаның 2-бағытындағы субсидия тетігі бойынша 85,5 миллион теңгенің 4 жобасы мақұлданды. Аталған 4 жоба да Қаратау қаласынан екенін атап кеткен жөн. Сондай-ақ «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 1 жобаға 20,4 миллион кепілдігі алынды. Сонымен қатар Бостандық ауылдық округіне қарасты «Зерхат» шаруа қожалығы электр желілерін тарту бойынша 49 миллион теңгенің құжаттары түгелденіп, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасына құжаттары ұсынылды. «Дулат» шаруа қожалығының құжаттары да рәсімделуде. Одан бөлек «Ақбас» шаруа қожалығына электр жүйесін қосу үшін облыстық бюджеттен 64,689 миллион теңге бөлінді. Ауданда «Әулие-ата НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен несие алу үшін 173,391 миллион теңгеге 11 жобаның құжаттары өткізілген. 2023 жылдың 1 маусымына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша малшаруашылығы мақсатында 65 миллион теңгенің 3 жобасы қаржыландырылды. «Кеңдала» бағдарламасы бойынша егіншаруашылығы мақсатында 12,1 миллион теңгенің 2 жобасы мақұлданды. Іскерлік ахуалды жақсартуға «Казагролизинг» акционерлік қоғамы да айтарлықтай үлес қосуда. Осы компания арқылы биыл 14 шаруа қожалығы 227,9 миллион теңге көлемінде 35 техника және агрегатқа өтініш берілген болатын. Қазіргі таңда 11 шаруа қожалығының жобалары қолдау тапты. Сол сияқты «Казагрокредиткорпорация» акционерлік қоғамынан несие алу үшін 565,7 миллион теңгеге 48 жобаның құжаттары өткізілген. Жекелей тоқталсақ, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша малшаруашылығы мақсатында 421 миллион теңгенің 15 жобасына құжат тапсырылған болатын. Соның ішінде 232,5 миллион теңгенің 8 жобасына қаражат берілді. Одан бөлек 40,4 миллион теңгенің 2 жобасы оң шешім алды. Тағы 128,9 миллион теңгенің 4 жобасы қордың қарауында жатса, 19,2 миллион теңгенің 1 жобасы кері қайтарылды. Ал «Жастар» бағдарламасы бойынша 144,7 миллион теңгенің 33 жобасына құжат тапсырылған болатын. Соның ішінде 26,1 миллион теңгенің 7 жобасына қаражат берілді. Одан бөлек 50,5 миллион теңгенің 12 жобасы мақұлданды. Қазіргі таңда 39,7 миллион теңгенің 8 жобасы қордың қарауында болса, 28,3 миллион теңгенің 6 жобасы кері қайтарылды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жұмыстар жыл соңына дейін нәтижесін көрсететін болады. Экономиканы ілгерілету ауылшаруашылығы саласының маңызы зор. Мемлекет те агроөнеркәсіпті дамытуға жіті көңіл бөліп келеді. Биылғы 9 айда ауданда 16 миллиард 307 миллион 200 мың теңге ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Төрт түлік саны да жылдан-жылға артуда. Бүгінде ауданда 30218 мүйізді ірі қара, 390089 қой-ешкі, 14105 жылқы, 2455 түйе бар. 2023 жылдың өнімі үшін барлығы 14206 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылып, 1453 гектар пар дайындалды. Яғни, барлық егістік жердің 74 пайызы игерілді. Оның ішінде күздік бидай 5000 және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 5573 гектарды құрайды. Көктем айларында 4833 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде жаздық арпа – 1600, дәндік жүгері – 500, мақсары – 750, күнбағыс – 50, қант қызылшасы – 92, картоп – 130, бақша – 300, көкөніс – 211 және көпжылдық шөп 1200 гектарға себілді. Ал бүгінде күзгі егіс-дала жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың өнімі үшін барлығы 14360 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылып, 1400 гектар пар дайындалады. Яғни, 2023 жылмен салыстырғанда мақсары 50 гектарға, көкөніс 39 гектарға және көпжылдық шөп 207 гектарға ұлғаяды деп жоспарлануда. Заманауи техникалар мен әдіс-тәсілдерсіз саланы серпілту әсте мүмкін емес. Мұны жергілікті шаруалар да жете түсініп отыр. Осы орайда биыл 65 ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Жыл соңына дейін олардың саны тағы да артатын болады. Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да ілгерілеу байқалады. Биыл 5 шаруа қожалығы 290 гектар егіс көлемін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен суаруға күш салуда. Оның ішінде Бостандық ауылдық округіндегі «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығын ерекше атап өтуге болады. Осы шаруашылық өткен жылы 77,0 миллион теңгеге жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және сусорғысын сатып алып, оларды сынақтан сәтті өткізді. Және қараша айында жерін жыртып, егін егуге дайындап қойған болатын. Қазіргі кезде 80 гектарға көпжылдық шөп егілуде. Сонымен қатар, Бостандық ауылдық округінен «Зерхат» шаруа қожалығы құны 100 миллион теңгеге тамшылатып суару технологиясын орнатып, 100 гектар жерді игеруде. Бұған қоса, аталған округтегі «Жаңалық» шаруа қожалығы су үнемдеу технологиясын қолданып 30 гектарға, «Демеш» шаруа қожалығы 47 гектарға, «Ошақбай» шаруа қожалығы 33 гектарға жүгері, көкөніс, бақша және картоп дақылдарын егуде. Бүгінде ауданда 5 жылыжай іске қосылып, көкөніс өнімдерін өндіріп отыр. Атап айтқанда, Үшарал ауылдық округінде – 1, Ойық ауылдық округінде – 2, Қызыләуіт ауылдық округінде – 1 және Қаратау қаласында 1 жылыжайда кияр және қызанақ өнімдері өсірілуде. Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бағытында «Ауыл аманаты» жобасының да тигізіп отырған көмегі көп. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» жобасы Бостандық, Берікқара, Аққұм және Ақкөл ауылдық округтерінде іске асырылуда. Оның ішінде, 2-бағыт бойынша Аққұм ауылдық округінен 2043 бас мал сатып алуға 407 миллион 550 мың теңгеге, Берікқара ауылдық округінен 1000 бас мал сатып алуға 371 миллион теңгеге өтінім берілді. Сонымен қатар Бостандық ауылдық округінен 1300 мал сатып алуға 350 миллион теңгеге және Ақкөл ауылдық округінен 1751 мал сатып алуға 348,5 миллион теңгеге сұраныс тасталды. Сонымен қатар, 5-бағыт бойынша Аққұм ауылдық округінен 38 миллион теңгеге 4 жоба ұсынылып отыр. Атап айтқанда көлік жөндеу қызметіне, жем шығаратын цех, наубайхана, мал бордақылау алаңын ашуға өтінім берілді. Берікқара ауылдық округінен 31 миллион теңгеге 5 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында көлік жөндеу қызметі, балық өткізу шаруашылығы, мал бордақылау алаңын, дәнекерлеу цехын ашу және жанар-жағармай бекетін соғу сияқты жобалар бар. Бостандық ауылдық округі бойынша да 5 жоба әзірленген. Ол аймақта көлік жөндеу, көлік жуу қызметтері, мал бордақылау алаңынан бөлек гидропоника мен эко-чикен бағытына басымдық берілуде. Ақкөл ауылдық округі бойынша 36 миллион теңгеге алты жоба ұсынылған. Мысалы, мал азығын өңдейтін цехқа 16 миллион теңге, кірпіш шығаратын станог үшін 5 миллион теңге және құрылыс дүкенін ашуға 5 миллион теңге сұралып отыр. Ауданда ветеринариялық қауіпсіздік те назардан тыс қалмайды. 2023 жылы аудан бойынша эпизоотологиялық жұмыстарды жүргізу үшін 9 айға 183280983 мың теңге қаражат түсіп, игерілді. Вакциналар 2023 жылға арналған кешенді жоспар бойынша өз уақытында келіп, барлығы ауылшаруашылық малдарына егілді. Аудан көлемінде 7 сібір жарасы ошағы 5 ауылдық округте (Берікқара – 2, Қаратау – 2, Қасқабұлақ, Үшарал, Қаратау қаласы) тіркелген. Ошақтар айналасы қоршалып, бетондалып, жаңадан ескертпе тақтайшалары ілінген. Өңірлерді дамытуда инженерлік инфрақұрылым жүргізу, құрылыс көлемін арттыру, елді мекендерді ауызсу, газ құбырымен қамту, жолдарды жөндеу сияқты бағыттардың мағызы зор. Биылғы 9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 7 миллиард 664 миллион 400 мың теңгені құрады. Биыл Ақкөл ауылында дәрігерлік амбулатория салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 9 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, Көктал ауылында мәдениет үйінің құрылысын салуға биыл 50 миллион теңге қаралды. Биыл ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 792 миллион теңгені құрайтын 34 жоба іске асырылуда. Мысалы, Ойық ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынып, бұл мақсатқа 122 миллион 222 мың теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға өтпелі болып табылады. Жобаның жалпы құны – 562 миллион теңге. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «AKM Group» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары мерзіміне сәйкес жүргізілуде. Бұдан бөлек Ойық ауылында 4 жоба бойынша Абай, Шәкіров, Құдиябек көшелеріндегі, Ойық бұрылысынан Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықтағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 11 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрымқұл ауылында 35 миллион 676 мың теңгеге 2 жоба, Сейілбек ауылында 31 миллион 728 мың теңгеге 2 жоба іске асырылуда. Үшарал ауылында 311 миллион 211 мың теңгеге 8 жоба бойынша жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталды. Ақкөл ауылында 36 миллион 789 мың теңгеге 3 жоба тетігін тауып отыр. Ал Бостандық ауылында 19 миллион теңгеге 3 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 14379 шаршы метрді құрап, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары­мен салыстырғанда 101,4 пайызға немесе 193 шаршы метрге артық орындалды. Қаратау қаласындағы 3-ықшамаудандағы №5 және №6 жатақхана ғимараттарын қайта жаңғыртуға 636,1 миллион теңге, олардың инженерлік-инфрақұрымын қайта жаңғыртуға 91,8 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал Б.Момышұлы көшесіндегі №17 үйді қайта жаңғыртуға және оның инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге қазынадан қаржы бөлініп, игерілуде. Сондақ-ақ қалада 2 көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 785 миллион теңге бөлінді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 45 маманға көтерме жәрдемақыға 15 миллион 525 мың теңге қаралды. Сол сияқты тұрғын үй сатып алуға 10 маманға 51 миллион 750 мың теңге бөлінді. 2023 жылдың 9 айында 12 маманға 51 миллион 750 мың теңге бюджеттік несие берілді. «Асарлатып үй салу» жобасы шеңберінде 2023 жылы 9 үй жоспарланып, қазіргі таңда Аққұм ауылында – 1, Ақкөл ауылында – 1 және Қаратау қаласында – 1, барлығы 3 тұрғын үй мұқтаж отбасыларға табысталды. Енді газдандыру мәселесіне тоқталсақ. Жалпы, ауданда 23 елді мекен бар. Қазіргі танда сол 23 елді мекеннің 14-і көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұл көрсеткіш 60,9 пайызды құрайды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендерінде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша 10,7 миллион теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжат әзірленген. Жобалық құны – 622,8 миллион теңге. Бүгінде мердігерлер анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстарына аудандық бюджеттен 9,1 миллион теңге бөлініп, жобалық- сметалық құжат аясында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Құны 2 миллиард 74 миллион теңгеге облыс әкімдігінің энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Ендігі кезекте Көктал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой ауылдарына газ тарту үшін 34,194 миллион теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Ауызсумен қамтамасыз ету жайына келсек, қазіргі танда 16 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Үшарал ауылын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жобасы бойынша биыл 222,2 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Мердігер ретінде «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС анықталды. Жобаның жалпы құны 485,7 миллион теңгені құрайды. Нысан 2024 жылға өтпелі. Орталықтандырылған ауызсуға қосылмаған Қайыр, Ақтөбе, Арал елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету үшін мембрандық қондырғы орнатуға және Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Сейілбек елді мекендері бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 30 миллион теңге бөлінді. Биыл қосымша 5 миллион теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы да алынды. Жалпы 7 нысан бойынша жоба құны 2 миллиард 902,7 миллион теңге көлемінде. Қайыр, Арал, Ақтөбе елді мекендері бойынша «МПК Проект» ЖШС, Қараой, Сейілбек, Тұрымқұл, Қожағаппар елді мекендері бойынша «SK Best Spec Story KZ» тиісті жұмыстарды атқарады. Одан бөлек Қаратау қаласындағы «Флора» саяжай алабын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленіп, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 587,59 шақырым. Оның ішінде 394,1 шақырымы облыстық маңызға ие болса, 193,49 шақырым аудандық мәндегі жолдар. Биыл Қаратау қаласына шығыстан кіреберіс (6,14 шақырым) және Қызыләуіт ауылына кіреберіс (5,4 шақырым) аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеуден өткізуге бюджеттен 369,3 миллион теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда Қаратау қаласына шығыстан кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы толығымен аяқталған. Ал Қызыләуіт ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, 16,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы 6 көшені (Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынұлы (бұрылысымен), М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы, Жарқынбеков) және Мәйтөбе, Бөлтірік шешен, Есейхан, Қараой, Қасқабұлақ, Тамды, Көктал ауылдық округтерінің әрқайсысынан 1 көшені жөндеу мақсатында аудандық бюджеттен 445 миллион 812,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қаратау қаласындағы 2,280 шақырымды құрайтын Б.Момышұлы және 2,011 шақырымды құрайтын Шахтер көшелерін қайта жаңғыртудан өткізуге республикалық бюджеттен 387,6 миллион теңге, облыстық бюджеттен 43,1 миллион теңге қарастырылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаратау қаласындағы Тамды Әулие, Панфилов, Арбатас көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып, бюджеттік өтінімге ұсынылған. Сонымен қатар Қаратау қаласына батыстан кіреберіс және Арал, Есейхан, Мәйтөбе, Тұрымқұл ауылдарына кіреберіс көлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптамадан өтті. Жалпы құны 570,6 миллион теңгені құрап отыр. Сол сияқты Қаратау қаласын­дағы 7 автокөлік көпірлерін қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжат дайындалып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамада. Жоба құны 398,7 миллион теңге көлемінде. Мемлекет қамқорлығының нәтижесінде әлеуметтік саланың да әлеуеті артып келеді. Биыл жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 2376 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1228 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 878 тұрғын қоғамдық жұмыспен айналысуда. 91 түлек «Жастар тәжірибесі» бойынша еңбек жолын бастаса, 100 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 35 адам «Алғашқы жұмыс орны», 2 азамат «Ұрпақтар келісім шарты», 42 тұрғын «Күміс жас» жобаларының жемісін көріп отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар