Тыйым салынған затты сәлем-сауқатпен жіберген
Тыйым салынған затты сәлем-сауқатпен жіберген
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59-мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты өткізу әрекетін алдын алды. Мекемедегі жазасын өтеушіге «Казпочта» арқылы келген сәлем-сауқатты толық тінту және тексеру жүргізу барысында аяқ киімнің өкшесіне қулықпен жасырылған ұнтақ өсімдік тектес жасыл түсті спецификалық иісі бар зат тәркіленді. Тағайындалған сот-химиялық сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат «гашиш» салмағы 34,89грамм есірткі заты екені анықталды. Осы факті бойынша Тараз қаласы ПД 1-ПБ-мен ҚР ҚК-нің 297-б, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.