Жаңалықтар

ҚТЖ-да қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алатыны айтылды

ҚТЖ-да қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алатыны айтылды

Балалардың тегін жол жүруі отбасылар үшін саяхат шығындарын едәуір азайтады. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ ережелеріне сәйкес балаға жеке орын қажет болған жағдайда балалар билетін сатып алу қажет.

Бұл ретте 15 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде заңды өкілдерінің еріп жүруімен немесе сенімхат бойынша жүруі тиіс. Ал 15 жастан бастап олар өздігінен жүре алады.

Мемлекетаралық тасымалдарға келетін болсақ, бес жасқа дейін балалар орын ұсынбай тегін жүре алады; бес жастан 10 жасқа дейін жол жүру құны - балалар тарифі бойынша; 10 жастан 15 жасқа дейін Қазақстан ішінде билет құны толық құнның 50 пайызын, ал басқа мемлекеттердің аумақтары бойынша - толық тариф бойынша құрайды.