Жаңалықтар

ТЖМ басшысы Ұлытау облысындағы төтенше жағдай орнына барды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында орын алған төтенше жағдай орнына барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министр оқиға орнын жеке өзі аралап, жедел штаб отырысына қатысты. Оның басты назарында төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмылдырылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіру мәселесі болды.

Үкіметтік комиссия құрамында сондай-ақ төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.