ТЖМ құтқарушылары қыз баланы қауіпті жағдайдан құтқарды
Қыз бала медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар кәмелетке толмаған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Петропавл қаласындағы Горький көшесінде 2014 жылы туған қыз баланың саусағынан сақинаны шешу мүмкін болмай, 112 нөміріне көмек сұраған қоңырау түсті.
Хабарлама бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы дереу жетті. Құтқарушылар арнайы құралды пайдаланып, сақинаны қауіпсіз түрде кесіп алып тастады.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.