дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қуандық Бишімбаев пен танымал журналист Самал Ибраеваны не байланыстырады?

Қуандық Бишімбаев пен танымал журналист Самал Ибраеваны не байланыстырады?
Фото - ашық дереккөзден
Журналист экс-министрмен қызметтес болған жылдары оның талай былығына куә болған.

Самал Ибраева Бишімбаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарған тұста қол астындағы қызметкерлерге айқайлап, боқтағанын, ұжымдағы қыздармен көңілдес болғанын айтты, деп жазады Jambylinfo.kz

Бұл туралы Самал Ибраева  Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы әйелі Назым Қаhарманмен болған сұхбат барысында айтқан. 

Оның сөзінше, экс-министр қол астындағыларға жиі жекіріп, ер адамдарды боғауыз сөздермен балағаттаған. Бишімбаев тұла бойындағы агрессия уын бүкіл ұжымға жайғанын. 

Тіпті ұжымдық іс-шаралар да көңілді өтпегенін, бұрынғы басшысының қыздармен көңіл қосқанын да еске алды.

-    Ұжымдық шаралар көңілді өтпейтін. Қызметкерлер үнемі қорқыныш құшағында жүретін. Осындай үрейдің астында біз жұмыс істедік. Әрине, әрқайсымызда күнкөріс, одан қалды несиеміз бар. Сондықтан жұмыс ретінде қарадық. Бірақ, ол кісі таңғы 90:00-ден түнгі 1:00-ге дейін ұстайтын,-деді ол.

Ал Назым Қаhарман  абьюзерлер тек отбасында ғана емес, ұжымда,  достарының арасында, тіпті барлық жүрген жерінде теріс мінезін көрсететінін атап өтті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар