Қуандық Бишімбаев пен танымал журналист Самал Ибраеваны не байланыстырады?
Журналист экс-министрмен қызметтес болған жылдары оның талай былығына куә болған.
Самал Ибраева Бишімбаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарған тұста қол астындағы қызметкерлерге айқайлап, боқтағанын, ұжымдағы қыздармен көңілдес болғанын айтты, деп жазады Jambylinfo.kz
Бұл туралы Самал Ибраева Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы әйелі Назым Қаhарманмен болған сұхбат барысында айтқан.
Оның сөзінше, экс-министр қол астындағыларға жиі жекіріп, ер адамдарды боғауыз сөздермен балағаттаған. Бишімбаев тұла бойындағы агрессия уын бүкіл ұжымға жайғанын.
Тіпті ұжымдық іс-шаралар да көңілді өтпегенін, бұрынғы басшысының қыздармен көңіл қосқанын да еске алды.
Ал Назым Қаhарман абьюзерлер тек отбасында ғана емес, ұжымда, достарының арасында, тіпті барлық жүрген жерінде теріс мінезін көрсететінін атап өтті.