Жаңалықтар

Қуанса, балалар қуансын

Таразда қайырымдылық күні аясында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында «Балалар – біздің бақытымыз» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков балаларды Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты. Содан кейін орталық тәрбиеленушілеріне арнайы дайындалған сый-сияпаттар ұсынды. Балалар да өз кезінде  қала басшысынан сый-құрметіне алғыстарын жеткізді. 
Өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. 
Концерттік бағдарламадан соң қала әкімі орталықтың ішін аралап, ақ дастархан басында балалармен еркін әңгіме өрбітті. 
Айталық, шаһар басшысы балалардың шығармашылық көрмесін  тамашалап, «Stars» сән және сұлулық мектебі, отбасы үлгісіндегі «Қуаныш» және «Балауса» жанұясы, «Адалдық» дүкені, «Тігін және қол өнер шеберханасы», «Бейнелеу өнері», «Коворкинг орталығы», «Ас отау» аспаздық үйірмесі, «Психологиялық қызмет», «Медиация» бөлмелерімен   танысты. 
Жалпы орталықта бүгінде 107 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда тәлім алушыларға  «Ас-отау» аспаздық, «Сымбат» тігін, «Жібек» бейнелеу өнері, «Балауса» би, «Прима» театр, «Томирис» сұлулық мектеп үйірмелері арқылы кәсіби бағдар беріледі.  Сонымен қатар,  футбол, еркін күрес,  армрестлинг, баскетбол секциялары жұмыс істейді.
Басқосу соңында қала әкімі балалармен естелікке суретке түсті.