Жаңалықтар

"Қуанышымның соңы уайымға ұласты". Сәкен Бибосынов пәтер айналасындағы шу туралы айтты

"Қуанышымның соңы уайымға ұласты". Сәкен Бибосынов пәтер айналасындағы шу туралы айтты

Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновқа берілген пәтер жайында шу шыққан еді. Баспана боксшыға жеке атына емес, тек жалдау құқығымен беріліпті, деп хабарлайды Жамбылинфо , EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сол баспананы спортшы 2021 жылдан бері өз атына рәсімдей алмай жүр.

Боксшы бұл жағдайды айта-айта жергілікті билікке әбден көңілі қалған. Себебі әкімдік маңындағылар танымал спортшыны тек «қатырамыз» деген сөзбен жылы шығарып салады екен.