дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында
ашық дереккөзі
"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында
Жамбыл облысының аумағында отыз күн бойы "Учаске" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты- өзекті  мәселелерді зерделеу үшін әкімшілік учаскенің тұрғындарын барынша қамту, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жұмыстың тиімділігін арттыру. Учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерде үй аулалары және пәтерлерді аралау кезінде  тұрғындармен танысу үшін визиткалар таратып, учаскелік инспекторларды тұрғындардың аула чаттарына енгізді. Сонымен қатар, түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғалар анықталып, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 12 мыңнан астам адам тексерулермен қамтылды, олармен құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Полиция қызметкерлері саяжайларды, қараусыз қалған және құрылысы тоқтатылған ғимараттарды, сондай-ақ үй шатырлары  мен жертөлелерді тексерді. Базарлар мен басқа сауда орындарына, қолайсыз отбасыларына, қоғамға жат әрекеттер мен қараусыз қалу деректерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарына, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктерге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің назарынан жалдамалы пәтерлер мен оларда тұратын контингент  те тыс қалмады. Бұл ретте облыс бойынша қосымша жалға берілетін 380-ден астам пәтер анықталды. Осы дерек бойынша ақпарат кәсіпкерлік қызметпен айналысудың заңдылығын тексеру үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде полиция қызметкерлері мал қыстауларын, шаруа және фермер қожалықтарын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау, адамдарды, заңсыз келген шетелдік азаматтарды заңсыз пайдалану деректері, тіркелмеген қару-жарақ пен басқа да тыйым салынған заттарды сақтау тұрғысынан тексеруге бағытталған жұмыстар жүргізді. Облыс бойынша тексерулермен екі мыңнан астам мал қыстауы, шаруа және фермер қожалықтары қамтылды. Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу  кезеңінде полиция қызметкерлері барлығы 16 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 3000-нан астам азамат тартылды, халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзудың 1500-ден астам дерегі анықталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар