Украина Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады
Украинаның Қауіпсіздік қызметі Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо «Адырна» ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Президентке Қылмыстық кодекстің екі бабы, соның ішінде «басқыншылық соғыс жүргізу немесе агрессивті әскери әрекеттер» бойынша айып тағылып отыр.
Бұл бап бойынша санкция 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Айта кетейік, бұдан бөлек SBU 700-ге жуық жоғары лауазымды ресейлікті іздестіруде. Олардың арасында Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жүрсін Ерман ауруханадан шықты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






