Жаңалықтар

Украиналық кәсіпкерлер өз кәсіпорындарын Қазақстанға көшіргісі келеді

Украиналық кәсіпкерлер өз кәсіпорындарын Қазақстанға көшіргісі келеді

Бұл туралы Қазақстан-Украина бизнес форумында айтылды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Шараға қатысқан украиналық бизнес-топтар іскерлік ынтымақтастықты жандандыруға ынталы екендерін жеткізді. Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, қиын жағдайларға қарамастан, украиналық және қазақстандық бизнес белсенді ынтымақтасып жатыр.

Қазақстан біз үшін маңызды экономикалық серіктес болып қала береді, дейді украиналықтар.

Украинада энергетикалық инфрақұрылым нысандары қатты зардап шекті, онда орасан зор инвестициялар, соның ішінде ЖЭК жобалары қажет болады, деп атап өтті форум қатысушылары. Сондай-ақ, украиналық бизнес ҚР аумағында өз кәсіпорындарын көшіру және ҚР-дан тауарларды тікелей жеткізуге мүдде танытты.