сейсенбі, 15 қазан, 2024 5:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Әулие-Ата жастары" бағдарламасына 591 адам өтініш жолдады

"Әулие-Ата жастары" бағдарламасына 591 адам өтініш жолдады
ашық дереккөзі
"Әулие-Ата жастары" бағдарламасына 591 адам өтініш жолдады
Естеріңізге салайық, Жамбыл облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған. Нәтижесінде 591 адам баспаналы болуға өтініш жолдады. Оның ішінде денсаулық сақтау саласынан – 227, білім саласынан – 237, мәдениеттен – 66, спорт саласынан – 37 және журналистика саласы бойынша – 24 адам өз өтініштерін жолдады. Енді жіберілген өтініштерді арнайы құрылған комиссия мүшелері қарап, 30 тамыз күні нәтижесін жариялайды. Айта кетейік, «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы келесі жылы да жалғасуы мүмкін. Бұл жөнінде жуырда ғана аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жамбылдық жастармен өткен кездесуде айтты. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер 20-30 шілде аралығында www.e-jambyl.kz порталында қабылданды. Жоба облыс жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жас отбасыларды қолдауға арналған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар