Жаңалықтар
"Әулиеата жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
- авторjambylinfo.kz
- 29 маусым, 2023
- 447
"Әулиеата жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
«Жамбыл облысының жастарына жеңілдетілген тәртіпте несие берудің 2023-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы
Бағдарлама шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн.теңгеге дейін
- Пайыздық мөлшерлеме - 5%
- Бастапқы жарна - 5%
- Несие беру уақыты – 19 жылға дейін
- Сатып алынатын тұрғын үй - Жамбыл облысында бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй және соғылып жатқан үйде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар болған жағдайда үлестік қатысу
- Денсаулық сақтау саласы:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;
- жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі Бағдарлама қатысушысының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс. Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде Бағдарлама бойынша үй алуға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат беріледі;
- Бағдарлама қатысушысында таңдаған сала бойынша соңғы жұмыс орнындағы лауазымда 6 айдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
- қатысушыда Бағдарламаға өтініш берген сәтте «Отбасы Банк» АҚ-да жинақ шоты және шотында ең жоғарғы қарыздың (15 млн. теңгенің) кемінде 5% мөлшерде жинақ ақшасы болуы тиіс;
- Бағдарламаға қатысушыда және оның жұбайында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үй (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, отбасының басқа мүшелерімен және туыстарымен бірлескен ортақ үлестік меншігі) болмауы тиіс;
- Бағдарламаға қатысушы сайтта өтінім берген сәтте таңдаған Жамбыл облысы аумағындағы елдімекеннен (қаладан/ауданнан) ғана баспана алу мүмкіндігіне ие.
- Бағдарламаға қатысу, бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау шарттары:
- Қатысушы өтінім беру процесін жеке электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырады.
- Бағдарламаға қатысушы өтінім берген сәтте өзі жұмыс істейтін саланы және баспана алуды жоспарлаған елдімекенді (қаланы/ауданды) таңдайды.
- Қатысушы Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын толық жүктеп, өтінімді жібереді не өтінімді артқа қайтарып, толықтыру енгізе алады.
- Қатысушы өтінім беруді аяқтау сәтінде сайтқа өзі ұсынған құжаттардың талапқа сай анық әрі дұрыс жүктелгенін растайды, егер бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе конкурстан шеттетілетіні және жалған құжаттар ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жауаптылық көзделуі мүмкін екендігі туралы және бағдарламаға ұсынған өзі туралы жеке деректерді өңдеуге, ақпараттық пайдалануға, үшінші тарапқа жолдауға және жариялауға рұқсат беретіні туралы хабарландырумен келіседі.
- Комиссия қаражат көлеміне қарай, құжаттарын толық ұсынған және талаптарға сәйкес келген қатысушыларға Банкке жолдама береді.
- Қатысушы ұсынған құжаттар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген немесе Іріктеуге қатысу кезеңінде депозиттік жарна сомасын шығарып алған немесе жұмыс орнын ауыстырған жағдайда өтінімі конкурстан шеттетіледі.
- Бағдарламаға қатысушының жеке куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
- Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (неке қию немесе некені бұзу немесе жұбайының қайтыс болуы туралы құжаттар);
- Балаларының туу (қайтыс болу) туралы куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
- Бағдарламаға қатысушының Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);
- Бағдарлама қатысушысы жұбайының (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);
- Берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы, мекеме атауы және 6 айлық зейнетақы аударымдары көрсетілген ұйымның / мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкі болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс);
- Бағдарламаға қатысушының «Отбасы банк» мобильдік қосымшасы ұсынатын QR коды бар жинақ шоты анықтамасының электрондық көшірмесі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз