Жаңалықтар

Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші "алтын" түсті

Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші "алтын" түсті

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан спортшысы Данил Васильев шаңғымен секіруден ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Sport.kz-тің жазуынша, Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті. Екі кезеңнің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті. Басқа қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды. Айта кетсек, ел қоржынына бірінші «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес салған.