жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 48 күн қалды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 48 күн қалды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Астанада өтетін дүбірлі додаға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр

Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 48 күн қалды, хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Көшпелілер мәдениетінің бірегей мерекесі саналған әлемдік оқиға дәстүр мен заманауи жетістіктерді насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен көрермендердің басын біріктіреді.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп күтілуде. 

Жалпы жарыста 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Еске салайық,  қазақ күресі, Алыш (қырғыз күресі), Көрәш (татар күресі), Дәстүрлі Садақ Ату, Асық Ату, Ордо, Таяқ тарту, Күрәш (өзбек күресі), Арқан тартыс, Ашыртмалы Аба Гүреші (түрік күресі) жарыстарына билеттер сатылымға шығарылды. 

Сондай-ақ, ойынның ашылу рәсімі мен Көкпар, Көк Бөрі, Бәйге, Жамбы Ату, Теңге Ілу, Аударыспақ, Құсбегілік, Алыптар сайысы сынды жарыстарға билеттер тамыз айының басында сатылымға шығады.

Ойынның маңызды бөлігінің бірі «Бірлік керуені» мәдени бағдарламасы. Бұл бірегей жоба көшпелі халықтардың мәдени байлығы мен алуан түрлілігін көрсетуге бағытталған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрамасы соңғы дайындық-жаттығу жиындарын өткізуде.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, бас серіктесі – Халық банкі.

Ал байрақты бәсекеге билеттерді ресми билет операторы zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар