бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцина бедеулікке алып келе ме?

Вакцина бедеулікке алып келе ме?
ашық дереккөзі
Вакцина бедеулікке алып келе ме?
Вакцинация жасатсаң чип салады немесе бедеу болып қалады деген сынды қауесеттер ел арасында көбейіп кетті. Бұл ақпараттар қаншалықты шындыққа жанасады? «Чипирование» – бұл өте жоғары технология. Біздің адамзат ондай технологияға әлі жеткен жоқ.Ондай технологияға жеткен болсақ, коронавирустың алғашқы өршуі болған кезде да чипирование жасайтын едік. Адамзат 1 000 жыл алдын да вакцина салдырған. Вакцинаның арқасында біз көп індетті жеңіп шықтық. Бұл вирусты да жеңеміз! Біз тек вакцина салдыру арқылы ғана қоғамда иммунитетті қалыптастырамыз. Коронавирус дегеніміз - ол гриптің бір түрі. Сондықтан ел болып, жұрт болып осы вакцинацияны жасайық, - дейді Қалалық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев. Вакцина тек жүктілік кезінде және 18 жасқа толмаған жастарға салынбайды. Қалған барлық адам ерікті түрде вакцина салдыра алады. Айта кетейік, шаһардағы барлық емханада вакцина салу бекеттері ұйымдастырылған. Онда демалыссыз түнге дейін тұрғындарды қабылдап жатыр. Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру арқылы өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін сақтаңыз!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар