Жаңалықтар
Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды
- авторjambylinfo.kz
- 17 тамыз, 2022
- 219
Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 476, 59 теңге болған.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 58 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Теміртауда көпқабатты үйде жарылыс болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17