Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды
Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр. 16 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 476, 59 теңге болған. Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 58 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.