Жаңалықтар
Ваучерлік жүйе нәтиже берді: Балабақшадағы ұзын-сонар кезек екі есеге қысқарды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:50
- 70
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді
Қазақстанда «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр.
«Биыл «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді. Ваучерлік қаржыландыру 21,8 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеп, ол балаларға жаңа ваучерлер беруге қайта жұмсалды», — деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

