Жаңалықтар

Вейптерді сатқаны үшін 19 жастағы жігіт бес жылға сотталуы мүмкін

Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстанда маусым айынан бастап айналымына заңды түрде тыйым салынған вейп сатушысын анықтады.

19 жастағы петропавлдықтан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіленді.