Жаңалықтар
Вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішіне пікір білдірді
- авторjambylinfo.kz
- 27 тамыз, 2022
- 212
Вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішіне пікір білдірді
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
«Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарып келді. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады», - деді Роман Скляр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Вице-Премьер Өмірзақ Шөкеевтің қабылдаған шешімін өте дұрыс және заңды деп атады.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кету туралы өтініш беретіні жазылған, оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс», - деді Роман Скляр.
Еске сала кетсек, кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Өмірзақ Шөкеев «Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын» деген болатын.
23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ долларын (42 млн 500 мың теңге) алды деген айыппен 10 жылға сотталған болатын. Алдыңғы күні Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарап, оны қанағаттандырмады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала