Жаңалықтар

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

Бүгін Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін АҚШ-қа қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған кездесу елорда уақытымен 23.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дүбірлі дода Нидерланды және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды. Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түседі. Қарсыластары - АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, және Канада. Ұлттық құрама бүгінгі және 26 қыркүйекте Германиямен кездесуін Нидерландының Аарнем қаласында өткізеді.