Жаңалықтар
Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
- авторjambylinfo.kz
- 8 ақпан, 2023
- 188
Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы бастады.
Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады. Сондай-ақ республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
- көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар;
- термос, қол шамы, пауэрбанк;
- памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер);
- қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
Сондай-ақ, қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада дүкендердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024
Жаңалықтар
Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024