Жаңалықтар

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды  Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады.  Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті. Президенттің АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» «ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.