Жаңалықтар
«Warner Bros» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қараша, 2025
- 218
Ұйымдастырушылар танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қатысушыларға фильм трейлерлерін көру және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған.
Пирамиданың жобасы 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге. Азаматтардан төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған. Тергеу барысында салымшылар қаражатын сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.
Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сондай-ақ сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал 40 жәбірленушінің залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
"Сақ стиліндегі" 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025






