WhatsApp кейбір смартфондарда жұмысын тоқтатады

Бұл өзгерістер Android 4.4 KitKat және одан ескі нұсқадағы операциялық жүйелерге қатысты.
Наурыз айынан бастап WhatsApp мессенджері бірқатар ескі смартфон модельдерінде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңартулар мен жаңа функциялар ескі операциялық жүйелермен үйлесімсіз болғандықтан, қосымша жасаушылары кейбір құрылғыларға қолдауды тоқтататынын мәлімдеді.
Meta компаниясының мәліметінше, iPhone 6 және iPhone 6 Plus сияқты Apple құрылғылары енді WhatsApp-ты қолдамайды. Мессенджер iOS 12 және одан жоғары нұсқаларда ғана жұмыс істейді, ал iOS 15.1-ден төмен жүйелерде қолдануға болмайды.
10 наурыздан бастап WhatsApp қолдауы тоқтайтын Android смартфондары:
Samsung Galaxy S3
Samsung Galaxy Note 2
Motorola Moto G
HTC One X
LG Optimus G
Nexus 4
Sony Xperia
Маңызды ақпаратты жоғалтпау үшін пайдаланушылар алдын ала деректердің резервтік көшірмесін жасап, оларды жаңа құрылғыға көшіруі қажет.